Dala Erlerі (feat. RaiM)

RaiM

专辑:Adam

发行日期:2021-03-18

时长:03:16

下载

歌词

  • Биссмилля деп атқа қондым, көкейімде байғатым,
  • Есімін ер деп, атап қойған , байқасын деп қайратын
  • Мәңгілікте ғой отаным, қорқыта алмайды-ау сұм өлім,
  • Мың өлгендер мың тіріліп , тақымын атқа байлайтын
  • Қар құлын ат болып, игерді жол торабын,
  • Тітіркене тәні, сылқыта ішті тау бұлағын.
  • Тегі көшпелі беу-ахау керім,
  • Текті деп біле жүр бұл даланың еркектерін.
  • Ләббәй раббым, ләббәй дейтұғын,
  • Кешегілердің түбін құртқан мына жат ұғым.
  • Ғұнның «Еділі»нен білді кім, опық жерін?!
  • Танып ал енді, бұл даланың еркектерін.
  • Үрген ит қамшы жер, әуелі жатып ішіер,
  • Байырғы алып ер, толқумен күн кешер.
  • Семсерінің әсері күшті деп, айтпас еді,
  • Білмесе егер бұл даланың еркектерін.
  • Әскері жаушының, игеріп тау шыңын,
  • Ауырды төмпештеп, жүгіңді арқалаушы ұлың,
  • Құлың болуға даяр, жұлмаланып тілінседе,
  • Шегедей мықты ер, шекеге оқ тиседе
  • Бұл даланың ерлері, ерлері
  • Бұл даланың ерлері, ерлері
  • Теңіздің тереңіне батсаң ерді ойла,
  • Тәніңнен көлеңке кетсе ерді ойла.
  • Үйде тірлік көп деп мұңайма.
  • Нәпақа тауып жүрген еркектерге оңай ма?
  • Далаңды өрт жалмап өтсе ерді ойла,
  • Жесір болып көңіл босаса ерді ойла.
  • Тау шыңында қыр ассаң , даңдайсыма,
  • Бақыт деу қиын, жалғыз басты мұндайда.
  • Жер шарын шарлап бас, енді ұғасың,
  • Құдірет тауып күш алсаң ер туарсың.
  • Туған ұлың бұл даланың еркегі болар,
  • Оларға міне әкенің тегі қонар.
  • Бисмилла деп атқа қонар, көкейінде байғаты,
  • Табиғатында бар қайраты мен айбаты.
  • Қай қатын жоқ қылар, ашып етектерін,
  • Байлау қиын бұл даланың еркектерін.
  • Бұл даланың ерлері, ерлері
  • Бұл даланың ерлері, ерлері
  • Бұл даланың ерлері, ерлері

评论

暂无评论

请选择一首歌曲开始播放